Алтай - Қазақстан Республикасының Суперкубок иегері
![](https://i.qazsporttv.kz/2021/11/18/1637256849382.jpg?w=730&h=431&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Петропавл қаласында Ұлттық Лиганың 1-туры аясында ҚР Суперкубогы өскемендік «Алтай» мен талдықорғандық «Жетісу» арасында өтті. Тартысты өткен кездесуде шығыс қазақстандық қыздар 3:1 (25:16, 21:25, 25:19, 25:17) есебімен басым түсті.
Қазан айында Сана Анарқұлова бастаған «Алтай» волейбол клубы «Жетісуды» 3:2 есебімен жеңген еді. Енді «Алтай» үш ұпай, суперкубок және 2022 жылы клубтар арасындағы Азия чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік «Алтай» волейбол клубы желтоқсанның 15-19 аралығында волейболдан клубтар арасындағы Әлем чемпионатында бақ сынайды.