«Барыс» осы жылда сырт алаңдағы соңғы ойындар сериясын бастайды
Елордалық «Барыс» хоккей клубы 2021 жылда сырт алаңдағы соңғы ойындар сериясын Екатеринбург қаласының «Автомобилист» командасымен бастайды. Екі команда да ҚХЛ аясында өткізген соңғы ойынында жеңіліс тапты. Екатеринбург қаласының хоккейшілері мәскеулік «Спартакқа» 2:5 есебімен жол беерсе, «Барыс» өз алаңында «Нефтехимик» командасына 1:3 есебімен жеңілді. Екі команда арасындағы соңғы ойын 27 қыркүйек күні «Барыс-Арена» спорт кешенінде өткен. Юрий Михайлис шәкірттері 5:4 есебімен қосмша уақытта жеңіске жеткен. Жалпы соңғы бес ойынның үшеуі қазақстандық команданың пайдасына аяқталған.Турнирлік кестеде «Автомобилист» бір ұпай айырмашылғымен алда тұр. Сондықтан бұл ойында екі командаға да жеңіс керек.
Бүгінгі алаң қожайындары сапында қақпашы Владислав Гросс және шабуылшы Алексей Макеев жарақатына байланысыты ойынға қатыса алмайды. «Барыс» сапында жарақат алған ойыншылар жоқ, барлық негізгі құрамның ойыншылары мұз айдынға шығуға дайын.
Ойын бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.