Головкин - Мурата кездесуінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) 9 сәуір күні Сайтама (Жапония) қаласында кездеседі. Кездесу DAZN стриминг жүйесі арқылы көрсетіледі. Бұл жайлы инсайдер Майк Коппинджер өзінің твиттер парақшасында мәлімдеді.
Коппинджердің айтуы бойынша, кездесудегі жеңіс қазақстандық боксшыға Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші кездесуге жол ашуы керек. Осыған дейін белгілі болғандай мексикалық боксшы DAZN стриминг жүйесі арқылы екі кездесуге келіскен.
Альварес 7 мамыр күні ресейлік Дмитрий Биволмен жартылай ауыр салмақтағы WBA белдігін сарапқа салады. Екінші кездесу 17 қыркүйек күні Головкинмен өтетін трилогия болуы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нариман Құрбанов FIG World Challenge Cup турнирінде ат снарядындағы жаттығуда алтын медальға ие болды
16.09.2025, 17:13

Айботa Ертайқызы Гран-при кезеңінде ұршық пен таспа жаттығуларында қатарынан екі күміс жүлдені иеленді
16.09.2025, 11:39
Бокстан Әлем чемпиондары елге оралды
16.09.2025, 10:39
«Қайрат» – «Реал» матчына билеттер 23 қыркүйекте сатылымға шығады
15.09.2025, 22:10
Бокстан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды.
14.09.2025, 23:42
Айбек Оралбай бокстан бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
14.09.2025, 23:40
Наталья Богданова бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
14.09.2025, 23:38
Төрехан Сабырхан бокстан Әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанды
14.09.2025, 23:36