Сёма Уно - ерлер арасындағы қысқа бағдарламаның көшбасшысы
Монпелье қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін жарыстың екінші күнінде ерлер арасында қысқа бағдарлама сайысы өтті. Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Сема Уно қысқа бағдарлама қорытынддысы бойынша әзірге бірінші орында тұр. Ерлер арасындағы сайыстың еркін бағдарламасы 26 наурыз күні өтеді.
Әлем Чемпионаты. Монпелье 2022. Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама.
1. Сёма Уно (Жапония) 109.63
2. Юма Кагияма (Жапония) 105,69
3. Казуки Томоно (Жапония) 101,12
4. Илья Малинин (АҚШ) 100,16
5. Даниэль Грассль (Италия) 97,62
Бүгін Әлем чемпионатындда алғашқы жүлдерлер мен жеңімпаз белгілі болады. Алғашқы жүлде иегерлерін жұптасып сырғанау сынындағы еркін бағдарламадан кейін білетін боламыз. Бұл сында қысқа бағдарламадан кейін Алекса Кинрим және Брендон Фрейзер (АҚШ) 76,88 нәтижесімен көш бастап тұр.
Монпельеде өтіп жатқан байрақты бәсекені qazsporttv.kz сайты және «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.