Данияр Шамшаев - Азия Чемпионы

Елорда төрінде өтіп жатқан дзюдодан сары құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті. 

73 келі салмақ дәрежесінде белдескен Данияр Шамшаев қарсылас шақ келтірмей, өзінің дебюттік Азия Чемпионатында жарыс жеңімпазы атанды.

Финалда өзбек спортшысы Муроджон Юлдошовты иппон әдісімен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Азия Чемпионатының екінші күні сынға түскен Ерлан Серікжанов алғашқы айналымда жеңіліп, жарыс жолын аяқтаса, бұрымды аруларымыз Мөлдір Нарынова және Анастасия Маякова қола жүлде үшін таласта қарсыластарына есе жіберді.

Ертең Азия Чемпионатының үшінші жарыс күні ерлер 90, -100 және 100+ салмақта, ал әйелдер 78, +78 салмақ дәрежесінде жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтайды.

Азия Чемпионатының үшінші күні жарыс жолына шығатын қазақстандықтар:

Ерлер

Дидар Хамза (90 келі)

Нұрлыхан Шархан (-100 келі)

Ислам Бозбаев (-100 келі)

Әділ Оразбаев (+100 келі)

Әйелдер

Аруна Жангельдина (-78 келі)

Камила Берліқаш (+78 келі)

Назгүл Маратова (+78 келі)

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды