Канада құрамасы - жастар арасындағы Әлем Чемпионы

Галифакс және Монктон (Канада) қалаларында хоккейден жастар арасындағы Әлем Чемпионаты аяқталды. Финалдық ойында осы Әлем Чемпионатының басты сенсациясы болған Чехия мен былтырғы жылғы Әлем Чемпионы Канада құрамасы кездесіп, 3:2 есебімен үйеңкі жапырақты елдің өкілдері овертаймда жеңіске жетті.

Жастар арасындағы Әлем Чемпионаты - 2023. Канада

Чехия - Канада 2:3ОТ

Шайбалар:

13 мин. Дилан Гюнтер 0:1

25 мин. Шейн Райт 0:2

53 мин. Иржи Кулих 1:2

54 мин. Якуб Кос 2:2

67 мин. Дилан Гюнтер 2:3

Канада құрамасы Әлем Чемпионатындағы былтырғы жылғы нәтижесін қайталап, өз атағын қорғап қалды. Құрамында тәжірбиелі ҰХЛ (НХЛ) ойыншылары бар құрама әлем біріншілігінде 20-шы мәрте топ жарды. 

Чехия құрамасы болса, 2001 жылдан кейін алғаш рет финалға жолдама алып, 2005 жылдан кейін алғаш рет жүлдеге қол жеткізді. Әлем Чемпионатының қола жүлдесі үшін болған ойында АҚШ хоккейшілері Швеция құрамасын тартысты өткен ойында 8:7 есебімен жеңді. 

Сонымен қатар, Латвия құрамасы Австрияны жеңіп, элиталық дивизонда қалды. Келесі Әлем Чемпионатында Австрияның орнына Норвегия ойнайды.

2024 жылы Әлем Чемпионаты Гетеборг (Швеция) қаласында жоспарланған. 


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды
Бейбарыс Қаблан Универсиада ойындарының қола жүлдегері