Данил Васильев - Универсиада ойындарының чемпионы
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиада ойындарында қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіру спортынан алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде - Максимилиан Лихнер (Австрия), қола жүлде - Паскаль Кахофер (Австрия).
Данил қос жаттығу қорытындысында 257.3 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. (бірінші мүмкіндік - 127.2, екінші мүмкіндік 130.1) Сонымен бірге жарысқа қатысқан Сергей Ткаченко (7-ші орын) және Никита Девяткин (9-шы орын) алғашқы ондыққа енді.
Бұл - ел қоржынындағы екінші алтын. Бұған дейін биатлоншы Вадим Куралец чемпион атанған еді.