Басты Жаңалықтар Елена Рыбакина «Grand Slam» турнирінің жартылай финалында

Елена Рыбакина «Grand Slam» турнирінің жартылай финалында

Елена Рыбакина «Grand Slam» турнирінің жартылай финалында

Австралияның ашық біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Елена Рыбакина (#25) жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалдық сында латвиялық Елена Остапенконы (#17) жеңген еліміздің бірінші ракеткасының келесі қарсыласы Беларусь теннисшісі Виктория Азаренко. (#24)  Айта кетейік, Елена алғаш рет «Australian Open» турнирінің жартылай финалында ойнайды.

«Australian Open» турнирінің екі дүркін жеңімпазы (2012, 2013) өз кезгегінде, АҚШ теннисшісі Джессика Пегуланы (#3) екі сетте (6:4, 6:1) жеңген. Азаренко кортта 1 сағат 39 минут уақыт өткізді. 

Рыбакина - Азаренко ойыны 26 қаңтар күні Мельбурн қаласындағы Род Лэйвер Арена спорт кешенінде кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 14:30-ға жоспарланған.

Бөлісу