Бибісара Асаубаева танымал гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирінде сенсация орын алды. Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапид бәсекесінің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубльді құрайды. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында: Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және тағы басқа шаxматшылар бар.

Өз кезегінде Сергей Карякин жарыстағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді. «Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым», - деп ресейлік гроссмейстер мәлімдеме жасады.

Қазақстандық гроссмейстер турнирге қатысатынын екі күн бұрын білген. Бибисара әлемнің 14-шi чемпионы Владимир Крамниктің орнын басқан.

Рапид бәсекесі 24-26 қаңтарда өтті. Енді 28-30 қаңтар аралығында өтетін блиц турнирінде Бибісара өз шеберлігін көрсетеді деп сенеміз.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды