Қазақстан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысын өткізеді

Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды

Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі өтті. Кездесуге Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.

Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды. Жарыс Астана және Алматы қалаларында «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен өткізіледі. Сондай-ақ, жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері ұйымдастырылады.

Өз кезегінде, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Мариус Визер мырзаға сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, жарысты жоғары деңгейде өткізетінін мәлімдеді. 

Grand Slam – Халықаралық жарыс күнтізбесіне сәйкес IJF World Tour аясында өткізілетін әлемдік жарыстар сериясы. IJF ережесі бойынша, жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпай үлестіріледі. Атап айтқанда, 1-орынға 1000, 2-орынға - 700, ал 3-ші орынға 500 ұпайдан беріледі.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» жарысында дзюдошылар 2024 жылғы Париж және 2028 жылғы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай жинайды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас футболшы испаниялық клубпен келісімшарт жасасты
Спорт саласындағы жыл үздіктері марапатталды
Бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
Харбиндағы Азия ойындарына баратын конькимен жүгірушілерден ел құрамы жасақталды
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді
Бокс: Азия дауы әліде басылар емес
Хоккей: Қазақстан жастар (U20) құрамасы Канадада ірі есеппен жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың келесі қарсыласы белгілі болды
Теннис: Қазақстан құрамасы «C» тобында
Чиангмайдағы Азия біріншілігі қайта қорытындыланды
2025 жылы ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды
Самат Смақов «Жетісу» футбол клубының бас бапкері болып тағайындал
FIFA-ның 2024 жылдағы қорытынды рейтингісі бойынша еліміз 110-ыншы орында
Марат Омаров ҚФФ президенті болып сайланды
«Астана» командасы жарысты аяқтады
Бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвили Грузия президенті болды
Қазақстан мен Армения тең түсті
Қарағанды бокстан Қазақстан чемпионатын қабылдайды
Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды
Знаменитый боксер Рой Джонс приехал в Астану