Жастар арасындағы Әлем Чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

2023 жылдың 15 ақпан күні Алматы қаласында, дәстүр бойынша үздік боксшыларды марапаттау рәсімі мен баспасөз-мәслихаты өтті. Бұл жолы өткен жылдың соңында Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қошемет көрсетілді. Олар Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың жеке қаражатынан ақшалай сертификаттар алды. Жүлдегерлердің жеке бапкерлері де назардан тыс қалмады. Марапаттаудың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңгені құрады.

Салтанатты шараға Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бастап, ҚБФ атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы бокс федерациясының басшысы Ержан Қосмамбетов және ҚБФ президентінің кеңесшісі Бағлан Шалаев қатысты.

Кеңес Рақышев өзінің құттықтау сөзінде: «Испанияда еліміздің жастар құрамасы жақсы нәтиже көрсетті. Медальдардың саны мен сапасы бойынша біз үшінші орын алдық. Арада көп уақыт өтсе де, біз жас боксшыларымызды ұмытқан жоқпыз. Біз жастарға сенім артамыз. Болашақта олар ұлттық құрама боксшыларының орнын басады. Әсіресе әйелдер боксындағы нәтижелер ерекше қуантады. Бокс - біздің ұлттық спортымызға айналды. Қазір әуесқой бокста жүріп, атыңды шығаруға болады. Жақсы қаражат таба аласың. Қазақстанның кәсіпқой боксшылары мұндай табысқа кенелмейді десем, қателеспеймін. Барлық боксшыларға, бапкерлер құрамына және біздің жеңістеріміздің жаршысы - БАҚ өкілдеріне алғыс айтамын», - деді.

Федерация президенті әлем чемпиондары Элина Базарова (54 кг) мен Бақыт Сейдішке (66 кг) 3 миллион теңгенің сертификаттарын берді.

Күміс жүлдегерлер Нұрбек Мүрсәл (67 кг) мен Дәулет Төлемісов (75 кг) 1,5 млн. теңгеден алды.

Қола жүлдегерлер Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Әсем Таңатар (63 кг) және Әсел Тоқтасын (+81 кг) 1 миллионға ие болды.

Жеңімпаздардың жеке бапкерлері Нұрбота Сейітбек пен Бағлан Омарбеков 500 мың теңгеде ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен бірге үшінші орынды бөлісті. Екінші орында Үндістан болса, Өзбекстан әлем чемпионатының үздік құрамасы атанды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Алматы облысында шахматтан «KONAEV CUP – 2023» екінші халықаралық турнирі өтті
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Дзюдодан Қазақстан Чемпионаты. 1-күн
  • Жаңалықтар
Арайлым Әбенова - самбодан Әлем Чемпионы
Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді
Астана қаласында бокстан Жазғы Спартакиада өтеді
  • Жаңалықтар
Алматыда каратеден WKF Азия Чемпионаты өтіп жатыр
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жетті
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Лионель Месси - «Алтын Доп» жүлдесінің жеңімпазы
  • Жаңалықтар
Азиада 2022: Еліміздегі федерациялар есеп берді
  • Жаңалықтар
«Барыс» сырт алаңда өткізетін ойындарға арналған құрамын жариялады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Финляндия құрамасын жеңді
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша Әлем Чемпионы
  • Жаңалықтар
  • Бокс
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде ұсынады
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Мейіржан Шермахнбет - Азия ойындарының күміс жүлдегері
  • Жаңалықтар
Азиада 2022: Кезекті жарыс күнінің қорытындысы
  • Жаңалықтар
Жансель Дениз және Смайыл Дүйсебай – Азия ойындарының қола жүлдегерлері
  • Жаңалықтар
Мергендер құрама қоржынына екінші және үшінші алтынды салды
Әділбек Мусин – Азия ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті
  • Жаңалықтар
Эльмир Алимжанов – Азия ойындарының қола жүлдегері