Анна Данилина Астанадағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Ширек финалдық кезеңде Беларусь теннисшісі Ирина Шимановичпен біре Луксика Кумхум - Пеангтарн Плипукты (Таиланд) 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық-белорусь жұбы финалдық жолдаманы нидерландтық Ясмин Гимбрере - Бибиана Схоофспен сарапқа салады.
Гөзал Айнитдинова жарыс жолынан шығып қалды. Ол жекелей сында әлемнің 170-ракеткасы, франциялық Хлоэ Пакеге жол берді - 6:7 (3:7), 0:6. Жұптық сында ресейлік Екатерина Маклаковамен бірге ресейлік Виктория Дьяченко - Анастасия Тихоновадан ұтылды - 6:7 (5:7), 3:6.
Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге тартысты матчта доданың екінші ракетка, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанға есе жіберді - 3:6, 6:4, 3:10.