Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан астанасы Делиде өткен әлем чемпионатын аяқтады, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар барлығы 6 – 2 күміс пен 4 қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, бас бапкер Шәміл Сафиуллин шәкірттері шет елдегі жарыстарда медаль саны жағынан үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ жүлде саны жағынан жалпы есепте Қытайдан кейін 2-орынға ие болды.

Қазақстан құрамасы сапында Делиде соңғы болып рингке шыққан аса ауыр салмақтағы (+81 кг) Лəззат Күнгейбаева əлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, марокколық Хадидже Эль-Мардимен күш сынасып, тәжірибелі қарсыласына есе жіберді. Осы салмақтағы басты фавориттің бірімен кездескеніне қарамастан отандасымыз жарқын жекпе-жек көрсетті. Айта кетейік, Лəззат 2016 жылы əлем чемпионатында топ жарған.

«Біз Үндістанға алтын медаль үшін келдік. Бірақ дегенімізге қол жеткізе алмадық. Сәл сәттілік жетіспеді. Бұл біз үшін сабақ болды. Келесі Қытайдағы Азия ойындары сынды маңызды жарыста мұнда кеткен қателіктерді қайталамаймыз. Бар шеберлігімізді көрсетуге тырысамыз», - деді Шәміл Сафиуллин.

«Жалпы бұл нәтижеге көңілім толады. Құрамамыз 6 медаль жеңіп алды. Десе де әлі тынбай жұмыс істеуіміз керек. Алда Азия ойындары келе жатыр. Ол сында біздің боксшылар барынша көбірек Олимпиада жолдамасына қол жеткізуі қажет», - деп айтты Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін күміс медальді Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіп алған. Төрт спортшымыз – Алуа Балқыбекова (48 кг), Надежда Рябец (66 кг), Валентина Халзова (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қола жүлдегер атанды. Жалпы есепте жарыс қожайыны Үндістан 4 алтынмен көш бастаса, Қытай 2-орында (3 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үздік үштікті Ресей түйіндеді (1/1/1). Ал біздің құрама 8-сатыда.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы, жаттықтырушылар штабы және Қазақстан бокс федерациясының өкілдері Делиден (KC 908 – JSC AIR ASTANA) Алматы халықаралық әуежайына 27 наурызда, елорда уақыты бойынша сағат 15:20-да тікелей рейспен ұшып келеді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Дзюдодан Астанада өтетін Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина Grand Slam турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды
  • Жаңалықтар
Таеквондодан Әлем Чемпионаты. 4-күн
  • Жаңалықтар
VI ЖАЗҒЫ ҚАЗАҚСТАН СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ
Кеңес Рақышев бокстан Әлем Чемпиондарына ақшалай сыйлықтар табыс етті
  • Жаңалықтар
  • Хоккей
Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина Әлемнің 4-ракеткасы атанды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
ТАРИХИ НӘТИЖЕ! ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
  • Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы Дзюодан Әлем Чемпионатын жүлдесіз аяқтады
  • Жаңалықтар
Дзюдодан Әлем Чемпионатының аяқталуына үш күн қалды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан Ташкенттегі әлем чемпионатында бес жүлдеге қол жеткізді
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТӨРТІНШІ КҮНІН ЖҮЛДЕСІЗ АЯҚТАДЫ
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Дзюдодан Әлем Чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
Мемлекет басшысы әлемдік шахмат элитасының өкілдерімен кездесті
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Бокс. Әлем Чемпионаты - 2023. 2-күн
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатын сәтті бастады!
  • Жаңалықтар
Пара дзюдо Азия Чемпионаты. 1-күн
  • Жаңалықтар
Өскемендік «Алтай» клубтар арасындағы Азия Чемпионатын бастады
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Бокстан Әлем Чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары еліміздегі Еурокубок ойындарының ресми хабар таратушысы