Қазақстан құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатын сәтті бастады!

Ташкентте бокстан әлем чемпионаты жалауын көтерді және Әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан боксшылары екі жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасы атынан шаршы алаңға алғашқы болып Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай шықты. Тартысты жекпе-жектердің нәтижесінде біздің спортшылар жеңіске жетті.

60 келіде өнер көрсететін Сырымбетов Таиланд елінің өкілі Сакда Руамтамменбокстасты. Отандасымыз алғашқы секундтардан бастап кездесу тізгінін өз қолында ұстап, айқын басымдық көрсетті. Нәтижесінде Талғат 5:0 есебімен басым түсті. Енді келесі айналымдаол Иордания боксшысы Абу Жаемен жұдырықтасады.

«Алғашқы болып шыққандықтан, маған үлкен сенім артылды. Жауапкершілікті түсіндім. Бапкерлермен бірге жоспарлағандай, барлығы ойдағыдай болды. Қалған жігіттерге сәттілік тілеймін», - деді Талғат Сырымбетов жекпе-жектен кейін.

Бұдан кейін, «Хумо-Арена» рингінде 92 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Оралбай өз өнерін ортаға салды. Азия чемпионы деген атағы бар Айбек ӘЧ қола жүлдегері - болгариялық Радослав Панталеевпен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен басым түсті.

Ташкенттегі әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Жүлделер үшін 104 елден жиналған 600-дан аса былғары қолғап шебері таласқа түсуде. Жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.

Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды.

Тікелей трансляцияларды «Qazaqstan» и «Qazsport»телеарналарының эфирінен көруге болады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Жансель Дениз және Смайыл Дүйсебай – Азия ойындарының қола жүлдегерлері
  • Жаңалықтар
Мергендер құрама қоржынына екінші және үшінші алтынды салды
Әділбек Мусин – Азия ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті
  • Жаңалықтар
Эльмир Алимжанов – Азия ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
Нұрлыхан Шархан – Азия ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
Эсмигүл Куюлова және Абылайхан Жұбаназар – Азия Ойындарының қола жүлдегерлері
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Абиба Абужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
  • Жаңалықтар
Елена Потапенко қазіргі бессайыстан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
Қазақстандық делегация Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты
  • Жаңалықтар
Ермек Маржықпаев спортшылар қалашығына барды
  • Жаңалықтар
Марлан Мұқашев пен Демеу Жадыраев қола медаль үшін күреседі
  • Жаңалықтар
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы ХІХ Жазғы ойындарға қатысу үшін Қытайға келді
  • Жаңалықтар
Қазақстандық ескек есушілер ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Ханчжоудағы ХІХ Жазғы Азия ойындарының бір апталық жарыс кестесі белгілі болды
  • Жаңалықтар
Ризабек Айтмұхан Әлем Чемпионатының финалына шықты
  • Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
  • Жаңалықтар
Күрес түрлерінен Әлем Чемпионатына қатысатын қазақстандықтар
  • Жаңалықтар
  • Футзал
Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы