ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТӨРТІНШІ КҮНІН ЖҮЛДЕСІЗ АЯҚТАДЫ

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстанның атынан екі спортшы сынға түсті. Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова бақ сынап, алғашқы белдесуде бейтарап тудың астында өнер көрсететін Ресей спортшысы Камила Бадуроваға есе жіберді.

Абылайхан Жұбаназар(81 кг) болса екі кездесу өткізді. Бірінші айналымда ол Португалия өкілі Жоао Фернандоны таза ұтты. Бірақ, екінші белдесуде өзі «иппонға» түсіп қалып, бразилиялық Эдуардо Юди Сантостан жеңілді.

«Бүгін португалиялық қарсыласымнан есемді қайтардым, алдында одан жеңілген едім. Ал екінші кездесуге келер болсақ, басымдық менің жағымда болды. Қарсыластың екі «шидосы» барын көріп, екі рет шабуыл жасадым. Үшінші ескерту алсын деген мақсатпен тағы алға ұмтылдым. Бірақ қателік жіберіп қойдым. Тым асығып кеттім. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын», - деді Абылайхан Жұбаназар Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметіне берген сұхбатында.

11 мамыр күні еліміздің намысын Анастасия Маякова (70 кг) мен Дидар Хамза (81 кг) қорғайды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

2028 жылғы Олимпиадаға жаңа салмақ дәрежелері бекітілді. Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктер бар?
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы «Жібек жолы» турниріне қатысады
ПСЖ жеңіске жетті
«Барселона» алғашқы матчта жеңіске жетті
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақ жігіті Дубайда бразилиялық футбол жұлдызы Роналдиньоға шапан жапты
«Интер» «Бавариядан» басым түсті
Деклан Райс «Арсеналға» жеңіс сыйлады
Сұлтан Заурбек мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді
Махмұд Сабырхан мерзімнен бұрын жеңіске жетті
Лола Әділбекова көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды
Оралда арқан тартыстан Қазақстан Республикасының рекорды орнатылды
Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық боксшылар Әлем кубогынан алты медаль алды
Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені жеңді
Батыр Жүкембаев кезекті жеңісіне қол жеткізді
Балауса Мұздыман жеңіске жетті
Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді
Алишер Абдулалим жеңіске жетті