ТАРИХИ НӘТИЖЕ! ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Санаулы сәттер бұрын Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасындағы XXII әлем чемпионаты мәресіне жетті. 

Финалдық бәсекелердің екінші күнінде 3 отандасымыз – Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пенНұрбек Оралбай жұдырықтасып, Әлем Чемпионы атағына қол жеткізді. 

Алдыңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан (54 кг) бұл финалда сол кездегі қателіктерін қайталаған жоқ. Отандасымыз ринг қожайыны Ойбек Джураевпен жекпе-жекте бар шеберлігін паш етті. Мұны қапталдағы төрешілер де мойындады.Тіпті, 21 жастағы боксшымыз 3-раундта қырғыз төрешісіне 2 мәрте нокдаун тіркетті. Қазақ боксшысы осыған дейін шаршы алаңда Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшысын ұтқан.Айта кетейік, Махмұд 2 жыл бұрынғы Белградтағы әлем чемпионатында да күміс жүлдеге ие болған.

Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов өзі қатысқан 2-ші әлем чемпионатында топ жарды. Отандасымыз финалда (71 кг) тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровты тізе бүктірді. Алдыңғы жекпе-жектерде Асланбек Үндістан, Франция, Израиль, Тринидад және Тобаго боксшысынан басым түскен.

Нұрбек Оралбай Ташкентте өз салмағында (80 кг) қарсылас шақ келтірмей тағы бір мәрте әнұранымызды шырқатты. Отандасымыз шешуші жекпе-жекте көптің қызығушылығын тудырған жекпе-жекте Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды ұтты. Осыған дейінНұрбек Ресей, Иордания, Түркия мен Әзірбайжаннан келген боксшыдан басым түскен.

Кеше, финалдардың алғашқы күні Ұлттық құрамадағы ең жеңіл спортшы Санжар Ташкенбай топ жарып, чемпион атанған ең жас қазақ боксшысына айналды. Ал одан кейін шаршы алаңға шыққан Дулат Бекбауов (67 кг) қарсыласына жол беріп, күміс медальге қол жеткізді. Өзбекстандағы додаға Ұлттық құрама барлық 13 салмақта спортшы апарды. Бұл қатардағы Сәкен Бибосынов (51 кг),Серік Теміржанов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Сағындық Тоғамбай(86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) мен Қамшыбек Қонқабаев (+92 кг) жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкентте 4 алтын, 1 күміс медальді қоржынға салып, жалпы есепте 2-орын алды. Көш басында жарыс қожайыны Өзбекстан қалды. Жалпы Қазақстан 1993 жылдан бері егемен ел ретінде осымен 16 рет әлем чемпионатына былғары қолғап шеберлерін жіберді. Қазір еншімізде 18 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде бар. Осының арқасында жалпы ӘЧ тарихындағы медаль есебінде Қазақстан АҚШ-ты басып озып, 3-орынға көтерілді. Ұлттық құрама осыған дейін тек 2013 жылы Алматыда өткен дүниежүзі бәсекесінде 4 алтынға ие болған.

«Құрметті Қазақ елі, бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл елдің жеңісі! Ташкенттегі осы әлем чемпионаты құрамамыз үшін ерекше нәтижемен есте қалды. Боксшыларға қолдау көрсету үшін Қазақстаннан көп жанкүйер келгенін алғашқы күннен байқадым. Федерация мен команданың атынан оларға рақмет айтамын»,-деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев финалдардан кейін берген сұхбатында.

Тағы айта кетейік, әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA)200 мың АҚШ долларынан алды. Күміс жүлдегерлерге 100 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 мың АҚШ доллары берілді. Биылғы доданың жалпы жүлде қоры – 5,2 млн.

Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев осы нәтижеге үлес қосқан Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер қосынын, боксшыларды, дәрігерлерді, ғылыми топтың мамандарын өз есебінен марапаттайды. Бұл ретте чемпион атанған Ұлттық құрама боксшыларына сыйақы ретінде 100 мың АҚШ долларынан табыстайды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Париж-2024: Олимпиадаға 80 спортшы аттанады, жолдаманы кім қалай жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина Үлкен Дулыға турнирінің жартылай финалына шықты
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Англия құрамасы Еуропа Чемпионатының финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Испания құрамасы Еуропа Чемпионатының финалына шықты
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина «Үлкен Дулыға» турнирінің ширек финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде сенсация жасады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Еуропа Чемпионатының жартылай финалына шыққан құрамалар белгілі болды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Англия құрамасы Еуропа Чемпионатының жартылай финалында
  • Жаңалықтар
Канада Copa America турнирінің жартылай финалына шықты
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Франция Еуропа Чемпионатының екінші жартылай финалисі атанды
  • Жаңалықтар
Тони Кроос спорттық мансабын аяқтады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Испания құрамасы Еуропа Чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Нұрбек Оралбайдың Олимпиада ойындарындағы басты қарсыластары кімдер?
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Аргентина Copa America турнирінің жартылай финалына шықты
  • Жаңалықтар
Евгений Федоров пен Алексей Луценко Париж Олимпиадасына қатысады
  • Жаңалықтар
Александр Бублик «Үлкен Дулыға» турнирінің үшінші айналымына шықты
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Теннистен Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды