Qazaqstan Barysy Grand Slam. Жарыс қорытындысы

18 маусым, Астана төріндегі «Барыс Аренада» дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің соңғы жарыс күні өтті. Қазақстан құрама командасы бұл жарысты 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен 42 елдің арасында жалпыкомандалық есепте 4 орынға ие болды.

«Керемет сезімдемін, өз елімізде өтіп жатқан байрақты жарыста алтынға қол жеткізу – маңдайыма жазылған бақыт шығар. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Голден скор сегіз минутқа созылса да, шаршағаным сезілмейді. Қарсыласыммен бір-біріміздің қыр-сырымызды біліп, әбден намысқа салып күрестік. Өз елімізде өтетін жарысқа психологиялық тұрғыда жақсы дайын болдым. Мені қолдаған барша қазақ еліне алғысым шексіз»,- деді өз сұхбатында чемпион атанған Мағжан Шамшадин.

Үш күнге созылған әлемдік додада Қазақстан сапынан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин чемпион атанып, Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг) күміс жүлде еншілесе, Данияр Шамшаев (-73кг), Асқар Нарқұлов (-73кг), Ислам Бозбаев (-100кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) және Ақерке Рамазанова (+78кг) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Ғалия Тынбаева (-48кг), Жансай Смағұлов (-73 кг) пен Бекарыс Сәдуақас (-100кг) кіші финалға дейін жетіп, 5 орынға тұрақтады.

«Qazaqstan barysy Grand Slam жарысы тәжірибелі және жас дзюдошылар үшін өте керемет алаң болды. Жарыс нәтижесіне қарап, біздің құрамада буын алмасып жатқанын және әртүрлі салмақтар арасында ел ішінде бәсекенің артып жатқанын байқауға болады. Жарыс өз жерімізде өтіп жатқандықтан әрқайсысында жауапкершілік жүгі екі есе болды. Кей дзюдошылар өз қателіктерінен медальға қол созым жерден тоқтаса, кейбіреулерінің баптары мен бақтары қатаршаппады. Біздің спортшыларымызға қолдау білдіріп келген барлық жанкүйерлерге рахмет айтамын және біз әлі де сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін көп еңбек ететін боламыз», - деді дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы әлемдік жарыстың ұйымдастырылуын халықаралық мамандар тарапынан жоғары бағаланғанын атап өтті.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» жарысының ұйымдастырылуы Халықаралық дзюдо федерациясы тарапынан жоғары бағаланып үлгерді. Мұнда тек спортшылар емес, дзюдо спортының айналасында жүрген әрбір менеджер тәжірибе алып үлгерді. Біз осы уақытқа дейін Азия және әлем чемпионаттарын, Гран-при және Masters жарыстарын, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізбенбіз. Енді тәжрибемізге әлемдік Grand Slam бәсекесі қосылды. Әлемдік жарыс аяқталғаннан кейін біз бірнеше командамен бірге халықаралық оқу-жаттығу лагерін өткіземіз. Онда тек ұлттық құрама спортшылары емес, жастар құрамасының өкілдері де қатысып, шетелдік спортшылармен бірге жаттығу мүмкіндігіне ие болады. Спортшылар мен бапкерлерге, демеушілеріміз бен серіктестерімізге, осы жарысты ұйымдастыруға атсалысқанәрбір спорт саласының қызметкерлеріне, менеджерлерге,медицина мамандарына, әрбір еріктілерге, осы жарыстың бас-қасында жүрген әрбір маманға бас иіп, алғысымды білдіремін. Барлығымыздың жұмыла жасаған жұмысымыздың жемісін көріп отырмыз. Баршаңызға іске сәт!», - деді бас хатшы Асхат Житкеев.

Айта кетерлігі, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен енген бұл жарысқа барлығы 42 елден 340 спортшы қатысты.

Бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінді. Атап айтқанда, 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпайдан берілді.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты ккелісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алды
Аида Әбікеева алтын медаль жеңіп алды
Алуа Балқыбекова Әлем чемпионы атанды
Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды
Милад Карими Әлем Кубогында күміс медальға ие болды
«Адрия інжуі» турнирінде қазақстандық боксшылар топ жарды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнолла Ыдырысов Әзірбайжанда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды
Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Әбиба Әбужақынова Аустриядағы Гран-при жарысының чемпионы атанды
Үш қазақстандық боксшы WBC және Турки Әл аш-Шейхтың алғашқы Гран-приінде өнер көрсетеді
Теннистен Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі
2030 жылғы әлем чемпионатында 64 құрама ойнауы мүмкін
Шорт-тректен Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Дзюдодан Гран-приге Қазақстаннан кімдер барады?
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты
Ресми: ММА 2026 жылы Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтетін ХХ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді
Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетеді
Шахмат: Қазыбек Нөгербек халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Бокстан Қазақстан құрамасы Странджа кубогында топ жарды
Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды