Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

2024 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында футболдан еліміздің басты командасы Солтүстік Ирландия құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 27-минутта Максим Самородов соқты. Бұл «Ақтөбе» командасының ойыншысы үшін ұлттық құрама сапындағы екінші гол. Естеріңізде болса Максим Словенияға қарсы өткен ойында дебюттік голын соққан еді.

Осы жеңістен кейін Магомед Адиев шәкірттері Н тобында 12 ұпай жинап, төртінші орында келеді. Бұл Қазақстан үшін Еуропа және Әлем Чемпионаттарының іріктеу кезеңіндегі үздік көрсеткіші. Осыған дейін, ұлттық құрама 2008 жылғы және 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде 10 ұпай жинаған. 

Еуропа Чемпионаты - 2024. Іріктеу кезеңі. Н тобы

№. КомандаОйынЖеңісТең ойын ЖеңілісДоп айырмасыҰпай
1. Словения641113-613
2. Дания641112-513
3. Финляндия640211-412
4. Қазақстан64029-512
5. Солтүстік Ирландия61054-83
6. Сан-Марино60060-210

Айта кетейік, Астана Арена стадионында өткен ойынға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Геннадий Головкин келіп, Қазақстан құрамасына қолдау білдірді. Ойын аяқталған соң ел Президенті команданың киім ауыстыраатын бөлмесіне барып, жеңіспен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Қазақстан құрамасының келесі екі ойыны сырт алаңда өтеді. 14 қазан күні Копенгаген қаласында Даниямен кездессе, 17 қазан күні Хельсинкиде Финляндиямен ойын өткізеді. Екі ойынның да ұлттық құрама үшін маңызы зор.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Қазақстандық жасөспірім шахматшылар Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды
Аргентина құрамасы Copa America турнирін жеңіспен бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Испания Еуропа чемпинатының плей-офф кезеңіне шықты
  • Футбол
  • UEFA EURO 2024
Германия Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
  • Футбол
  • UEFA EURO 2024
EURO-2024: Бірінші турдан кейін турнирлік кестедегі жағдай қандай?
  • Футбол
  • UEFA EURO 2024
EURO-2024: Словакия биылғы чемпионаттың алғашқы сенсациясын жасады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан 2024 жылғы Америка кубогын тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Алғашқы тең ойын: Еуропа чемпионатының үшінші жарыс күні қалай өтті?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Еуропа чемпионаты екінші ойын күнінің нәтижесі
  • Футбол
Испания мен Хорватия: командалардың бастапқы құрамы анықталды
  • Жаңалықтар
Венгрия - Швейцария: командалардың бастапқы құрамы белгілі болды
  • Футбол
Юлиан Нагельсманн Еуропа чемпионаттары тарихындағы ең жас бас бапкер атанды
  • Жаңалықтар
  • UEFA EURO 2024
Германия Еуропа чемпионатын сенімді жеңістен бастады
  • Футбол
  • UEFA EURO 2024
Германия - Шотландия: командалардың ойынға арналған құрамы жарияланды
  • Жаңалықтар
Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
  • UEFA EURO 2024
Еуропа чемпионаттарының алғашқы матчтары қандай нәтижемен аяқталған
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Кевин Де Брюйне Бельгия құрамасы үшін 100 ойын өткізді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қазақстан әйелдер құрамасы өз алаңында Арменияны жеңді
  • Жаңалықтар
  • Волейбол
Қазақстан құрамасы Challenge Cup - 2024 турнирінің ширек финалына шықты
«СПОРТты ТАҢда» таңғы спорттық, ақпараттық, танымдық, ойын-сауық бағдарламасы | 29.05.2024