Ризабек Айтмұхан Әлем Чемпионатының финалына шықты

Ризабек Айтмұхан Сербия астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда осы салмақтағы (92 кг) көшбасшының бірі грузиялық Мириани Майсураздені жеңді. Есеп: 8-1.

Бүгін 19 жастағы қазақ палуаны доданы 2-айналымнан бастады. Әуелі венгриялық Балаш Юхашты, сосын түркиялық Фейзулла Ақтүрікті таза ұтты. Ұлттық құрама спортшысы ертең кешке əзірбайжандық Осман Нурмагомедовпен алтын медальді сарапқа салады.

«Ширек және жартылай финалдағы қарсыласым мықты болды. Қазір олар әлем рейтингінде менен жоғары тұр. Фейзулла Ақтүріктен осыған дейін 2 рет жеңілгенмін. Бүгін сәтін салып, есе қайтардым. Осы жекпе-жектен кейін бойымда сенімділік пайда болды. Грузиялық палуанды барынша шаршатуға тырысып, дегеніме жеттім. Ертең финалда барымды салып, елімізге алтын медаль алып қайтуға барымды саламын»,-деді Ризабек.

Ризабек Айтмұхан – биыл еліміздің ғана емес, әлемдік күрес мамандарының жоғары бағасын алған бозкілем шебері. Ол жылдың басында Алматыда өткен күрестен VI жазғы Спартакиадасында чемпион атанды. Осыдан кейін көктемде Астанада өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Амман қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ІІ орын алды.

Айта кетейік, еркін күрестен егемендік жылдары қазақстандық палуандар әлем чемпионатында 16 жүлдеге қол жеткізген. Оның бесеуі күміс, қалғаны қола. Ризабекке дейін дүниежүзі додасының финалында Нұрқожа Қайпанов күрескен (70 кг, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы).

Айта кетейік, 92 кг дейінгі салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері
Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді
Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Әбиба Абужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді