Ермек Маржықпаев спортшылар қалашығына барды

Ермек Маржықпаев Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі алдында Қазақстан құрамасы тұратын және жаттығатын спортшылар қалашығына барды.

Министр ең алдымен, осы Азиадада еліміздің намысын қорғайтын қыз-жігіттермен кездесіп, сары құрлықтың басты спорттық жарыстарында ең жоғары нәтиже тіледі. Спортшылардың көңіл – күйі көтеріңкі, жеңіске деген жігері мен дайындықтары жақсы.

 Одан кейін спортшыларымызды орналастыруға, тамақтануға, логистикаға және басқа да маңызды мәселелерге жауапты жедел штабтың жұмысымен танысты. Штаб қызметкерлері жұмыс қалай жүріп жатқанын айтып, нәтижелері туралы есеп берді. Айта кету керек, Қазақстан құрамасына тәулік бойы қолдау көрсетіледі. Штаб қызметкерлерінің спортшылармен бір ғимаратта тұруы кез-келген проблеманы өте тез шешуге мүмкіндік береді.

 «Бізге Қазақстан атынан жарысқа қатысатын спортшылардың жаттығу жабдықтары мен алаңдарына толық қол жеткізуі, жайлы тұруы, демалуы және жарыстарға еш уайымсыз дайындалуына жағдай жасау өте маңызды. Ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер жаттығулар мен медициналық бақылаудан кем емес. Біз бәріміз - Қазақстан құрамасымыз, сондықтан бірігіп, алдымызда тұрған мақсат - Джакартадағы Азиада нәтижесін жақсартуға барлық күш-жігерімізді салуымыз керек»,- деді Ермек Маржықпаев.

 Еске салсақ, Ханчжоудағы Азиадаға Қазақстаннан спорттың 30 түрінен 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысады. Оның 27-сі олимпиадалық бағдарламаға, қалған 3-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен сынға түседі. Сонымен қатар, алдағы жарыстарда 8 спорт түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика бойынша Париж Олимпиадасына лицензиялар ойналады.

 Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен келген 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығына таласады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ержет Жарлыкасын лидирует в мировом рейтинге
Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Бүгін Алматы қаласында хоккейден Азия чемпионаты басталады
Жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды
Қазақстан семсершілері бірнеше әлем кубогына барады
Бокстан Әлем чемпиондары елге оралды
Жәния Бекмұхамбетова Мажарстандағы үстел теннисінен өткен чемпионатта жүлдегер атанды
Хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды
Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына енді
Төрехан Сабырхан ӘЧ үздік боксшысы атанды
Өнер Сейілхан әлем чемпионы атанды
Бексұлтан Боранбек әлем чемпионы атанды
Ұлдана Таубай бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Елянұр Тұрғанова әлем чемпионы атанды
Асылхан Көшербай мен Даниял Райымбеков бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды
Третье золото в копилку Казахстана
Санжарәлі Бегалиев әлем чемпионы атанды
Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанды
Астанада самбодан әлем чемпионаты өтеді
Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды