Мергендер құрама қоржынына екінші және үшінші алтынды салды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Жазғы Азия ойындарында 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды. Біздің отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.

Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль. Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған құрам стенд атудан  "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 баллға жеткізді.

Сонымен қатар, Зухра командалық сында күміс жүлдегер атанды. Дәл осы бәсекенің командалық сынында Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова және Анастасия Садуақасовадан жасақталған құрам 1642 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Алтын жүлде Оңтүстік Корея елінің мергендеріне кетсе (1655 ұпай) қола жүлде Индонезия құрамасына бұйырды (1603 ұпай)

Сондай-ақ Әсем Орынбай екі дүркін Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды. Әсем Эдуард Ещенкомен жұптық сайстың финалында Кувейт елінің өкілдерін 40:35 есебімен жеңді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі