Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы2023-жылдың қорытындысы бойынша аймақтардың рейтингін жариялады. Биыл ұлттық спортты жанына серік еткендер 11 спорт түрінен сайысқа түсті. Жыл басынан бастап ұлттық спорт түрінен жекелеген ішкі чемпионаттар, кубок бәсекелері, ұлттық спорт фестивалі, халықаралық жарыстар мен әлемдік додалар өтті. Бір жылдың қорытындысы бойынша 17 облыс пен 3 қаланың арасынан Түркістан облысы үздік атанды. Оңтүстікспортшылары биылғы жарыстарда жалпы саны 58 алтын, 52 күміс, 65 қола жүлдемен көш бастады. Оның 13 алтынын түркістандықтар қазақ күресінен еншілеп, рекордтық көрсеткішті тіркеді. Аймақ өкілдері ұлттық спорттың дамуын жүйелі жолға қойған. «Қазіргі таңда Түркістан облысында 7 облыстық, 23 аудандық және 7 қалалық спорт мекемелерінде ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелер жұмыс істейді.Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт мектептеріндегі регламенттің сақталуын қадағалап, жаттықтырушылар мен әдіскерлерге оқу-жаттығу сабақтарына әрдайым әдістемелік көмек көрсетеді.2023 жылы ұлттық спорт түрлерінен жарыс ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, аударыспақтан бұрын 8 салмақ дәрежесінде жарыс өтсе, биылғы жылы 9 салмақ дәрежесінде өтті, сондай-ақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан бұрын 3 стиль бойынша 1 ғана спортшы қатысатын,биылғы жылы 3 стильге 3 спортшы қатыса алатын мүмкіндік туды. Қатысушылар саны көбейді. Нәтижесінде спортшыларымыз тамаша өнер көрсетіп, еліміздегі ұлттық спорт түрлерінен ең үздік өңір екенін дәлелдеп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді»- дейді Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Қанат Жолдықараев. 




ҚР Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметінің хабары бойынша биылғы рейтінгте екінші орынды Астана қаласы иеленді. Елордалықтар биылғы жарыстардан 24 алтын, 19 күміс, 28 қола жүлде еншіледі. Әсіресе астаналық дәстүрлі садақ атушылар алдына жан салмады. Ал үздік үштікті Шымкент қаласының спортшылар түйіндеді. Мегаполис намысын қорғаған оғландар биыл 24-алтын,19- күміс, 20-қолажеңіп алған. Бұл аймақта да қазақ күресі жолға қойылған. 24 алтынның 11-і қазақ күресінің балуандарына тиесілі.


Өкінішке қарай, ұлттық спортты әлі де дамытуды қажет ететін аймақтар бар. Әсіресе, Қостанай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының нәтижелері төмен.

«Соңғы жылдары елімізде ұлттық спорт қарқынды дамып келеді. Оның дәлелі биылдың өзінде біздің спортшылар халықаралық ареналардағы жарыстардан 35 алтын еншіледі. Қазір орталыққа қарайтын 11 спорт түрі бар. Әрқайсысының дамуы жүйелі жолға қойылған. Сонымен қатар оларды заманауи талаптарға сай қылу мақсатында соңғы үлгідегі технологияларды да қосып жатырмыз. Біз жыл сайын ұлттық спорттағы үздік өңірлерді анықтап отырамыз. Өздеріңіз білетіндей бұл жағынан еліміздің оңтүстік аймағы алда тұр. Әсіресе Түркістан облысы өзгелерден көш ілгері. Мұның барлығы аймақтағы спортқа жауапты мамандардың, спорт басқармасының жүйелі жұмысының арқасы. Сонымен қатар, соңғы жылдары елордамыз Астана қаласы қарқынды дамудың жолына түскен. Бұл өңірде асық ату, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік және қазақ күресінің өкілдері алда келеді. Дегенмен, ат спортына қатысты мәселелер бар. Бұл алдағы уақыттың еншісінде шешілетін дүние деп есептеймін. Бұйырса барлық нәтиженің қорытындысын келер жылы өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көреміз» - дейді ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов.

Ұлттық спорттың биылға жоспарланған шаралары толығымен аяқталды. Енді алдағы жылдың басынан бастапәр спорт түрінен ішкі біріншіліктер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ұлттық құрама мүшелері халықаралық жарыстарға қатысып ел намысын қорғайды. Ең маңызды додада – келер жылы елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Харбиндегі Азия ойындарында Қазақстан туын ұстаушылардың есімдері белгілі болды
Әлемнің спортшы студенттерін біріктіретін Дүниежүзілік XXХII Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасы
Универсиада: Қазақстан алғашқы ойында жеңіске жетті
Теннис: Сандуғаш Кенжебаева ITF W15 сериясындағы жұптық бәсекеде жеңімпаз атанды
Қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирінің жеңімпаздары анықталды
UFC: Асу Алмабаев пен Стив Эрцег жекпе-жегі ресми хабарланды
Шорт-тректен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Денис Раструба мен Юлия Фиклистова жұптық фристайл-могулдан күміс жүлде жеңіп алды
Керлингтен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы А тобында
Ерлан Жамантаев Qazaqstan Football League (QFL) Президенті болып сайланды
Анастасия Городко жасөспірімдер арасындағы фристайл-могулдан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
17 жастағы теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына енді
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлемнің үздік командасы атағына ұсынылды
Азия 2025: Мәнерлеп сырғанаудан ел құрамасы жасақталды
Ризабек Айтмұхан атақты Кайл Снайдермен белдесуі мүмкін
Теннис: Қазақстан жартылай финалдан сүрінді
UFC-ге алғаш рет шығатын Дияр Нұрғожайдың қарсыласы белгілі болды
Данияр Елеусінов 28 ақпан күні шаршы алаңға оралады