Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады

Арқан тартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі. Аталған спорт биыл елімізде өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген. Жаңадан құрылған Республикалық федерация президенті болып Ілиясов ЕркебұланСайдоллаұлы тағайындалды.

Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы — «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі. 2023 жылдан берi «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президентi қызметiн атқарып келедi. Жаңа басшының тағайындалyымен «жамбы атy» спорты қарыштап дамып, елiшiлiк бiрнеше жарыс кең көлемде ұйымдастырылды. Сонымен қатар алғаш рет «Тайтұяқ» жүлдесi сарапқа салынды. Спортшыларымыз бiренеше халықаралық жарыстан олжалы оралды.

Федерацияның даму бағыты бойынша вице-президенті болып ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері Жабаев Нұрлан Жанпейісұлы, спорт жөніндегі вице- президент болып “Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының” директоры Сәбитов Бақдаулет Маратұлы тағайындалды. Жаңадан құрылған федерация Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтауды көздеп отыр. Осыған орай еліміздің 5 аймағында іріктеу жарыстары өтеді.

Жарыс ІІ кезеңнен тұрады:

І кезең – аймақтық (орталық, солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік) іріктеу жарыстары;

ІІ кезең – ақтық кездесулер (финал).

Әр аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған командалар ІІ кезеңге жолдама алады.

1) Орталық аймақтық іріктеу: Астана қаласы 13.02.2024 ж.

2) Солтүстік аймақтық іріктеу: Көкшетау қаласы 17.02.2024 ж.

3) Шығыс аймақтық іріктеу: Семей қаласы 20.02.2024 ж.

4) Батыс аймақтық іріктеу: Атырау қаласы 24.02.2024 ж.

5) Оңтүстік аймақтық іріктеу: Тараз қаласы 28.02.2024 ж.

6) Ақтық кездесулер (финал): Астана қаласы 6-7.03.2024 ж.

Ерлер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежелері 720 келі.

Әйелдер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежесі 560 келі.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды