Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті

Елордада Республикалық арқан тартыс федерациясы 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арқан тартыстан ерлер мен әйелдер арасында іріктеу жарысын өткізді. Аталмыш жарыс ІІ кезеңнен тұрады. І кезеңде аймақтық іріктеу сайыстары өтсе, ІІ кезеңде аймақтық жарыстардың жеңімпаздары финалдық сында бақ сынайды.

Ашылу салтанатында «Арқан тартыс» федерациясының вице-президенті Нұрлан Жабаев спортшыларға:

-Құрметті спортшылар,команда жетекшілері сіздерге барлықтарыңызға қош келдіңіздер деймін. Бұл бірініші іріктеу жарысқа барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Осы сайыста тек мықтылар жеңсін. Ұлттық құрамамыз жасақталып, Алла қалап, көшпенділер ойынында алтыннан алқа тағатын команда құрауды нәсіп етсін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

Астана қаласындағы №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде өткен алғашқы орталық аймақтық жарысына Астана қаласы, Алматы, Қарағанды, Ұлытау облысының командалары қатысты. Ерлер арасында бес команда тартысқа түссе. Әйелдерден құралған үш команда жүлдеге таласты.

Нәтижесінде ерлер арасында Ұлытау облысынан келген «Ұлытау арқарлары» командасы жеңіске жетсе, екінші орын елордалық «Барыс-4» командасына бұйырды. Үшінші орын Алматы облысының еншісінде.

Ал әйелдер арасында астаналық «Барыс-3» командасы алтыннан алқа тақса, екінші елордалық ұжым «Қара қабылан» екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Алматы облысының бұрымдылары түйіндеді.

Жарысты ұйымдастырушы «Арқан тартыс» федерациясы жүлделі бірінші орынға 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге сыйақы мен бағалы естелік сыйлықтарды табыстады.

Енді арқан тартыс бойынша Солтүстік аймақтық іріктеу кезеңі 17-ақпан күні Көкшетау қаласында өтеді. Солтүстік аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар, СҚО облыстары қатысады. Одан кейінгі бәсекелер, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Оңтүстік аймақтарда өтеді. Финалдық тартыс 7 наурыз Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық ойынымыз «Арқан тартыс» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

ҚФФ чемпионаттарға төленетін жарнаны азайтты
Азияда - 2025: Керлингтен Қазақстан құрамасы Қытайға есе жіберді
Елена Рыбакинаның жаңа бапкері белгілі болды
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
Анастасия Городко параллель-могулдан күміс жүлде иеленді
Қазақстан Данияға есе жіберді
Әли Әлиев – Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы
2028 жылғы қысқы жастар Олимпиадасы Италияда өтеді
Хоккейден Қазақстан құрамасы «Словакияға» есе жіберді
Каратеші Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте алға шықты
Енді елімізде легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді
Анна Данилина Аустриядағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
Азия ойындарына мәнерлеп сырғанаудан қатысатын Қазақстандық спортшылар белгілі болды
Азия-2025: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары белгілі болды
Харбин-2025: Керлингтен ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы белгілі болды
Азия-2025: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары белгілі болды
Қазақстандық каратешілер Парижде өткен әлемдік додадан бес медальмен оралды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті
Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен алтын жүлде иеленді
Конькимен жүгіру: Қазақстан құрамасы Әлем Кубогында қола жүлдеге ие болды