EURO-2024: Словакия биылғы чемпионаттың алғашқы сенсациясын жасады
Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің тағы бір күні артта қалды. Төртінші жарыс күнінде Румыния мен Украина, Бельгия мен Словакия, Франция мен Аустрия командалары кездесті.
Жарыс күнінің алғашқы ойыны Мюнхенде «Е» тобы командалары Румыния мен Украина арасында өтті. Кездесудің 29-минутында Румыния құрамасы капитаны Николаэ Станчу Андрей Луниннің қателігінен кейін, есеп ашты. 53-минутта номиналды алаң иелері жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырып, Рэзван Марин алыстан соққы жаспа, гол авторы атанды. Арада төрт минут өткенде Денис Дрэгуш есепті 3.0-ге жеткізіп, Румыния командасы сенімді жеңіске қол жеткізді.
Астана уақытымен сағат 21:00-де басталған ойында айқын фаворит Бельгия құрамасы еді. Матч есебін ойынның 7-минутында Иван Шранц ашып, Словакияны алға шығарды. Бельгиялық Ромелу Лукакудың екінші таймда соққан екі голы да есепке алынбай, Словакия биылғы Еуропа чемпионатындағы алғашқы сенсацияны тіркеп, үш ұпай олжалады.
Кезекті жарыс күні Еуроап чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Франция мен Аустрия командалары арасында өтті. Ойын минималды 1:0 есебімен Франция командасының пайдасына аяқталды. Матчтың 38-минутында аустриялық қорғаушы Максимилиан Вёбер өз қақпасына гол соқты. Жанкүйерлер осы голдан өзге ойында нәтижелі шабуыл көрген жоқ.