Аргентина құрамасы Copa America турнирін жеңіспен бастады

АҚШ-та басталған Copa America турнирінің тұсаукесер ойынында Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы Канаданы 2:0 есебімен жеңіп, жарысты жеңіспен бастады. Ойындағы және турнирдің алғашқы голын екінші тайм барысында Хулиан Альварес (49 минут) соқты. Сонымен қатар жас аргентиналық ойыншы матчтың үздік ойыншысына берілетін сыйлыққа ие болды. Матчтағы екінші голды ойынның 88-минутында Лаутаро Мартинес соғып, өз құрамасына жеңіс алып келді. Команданың басты жұлдызы Лионель Мессидің еншісінде нәтижелі пас бар.

Лионель Месси Copa America турниріндегі 35-ші ойынын өткізіп, ең көп матч өткізген ойыншы болды. Сондай-ақ, Лео жетінші Оңтүстік Америка Кубогына қатысып жатыр. Ол өткен ғасырдың 40-50 жылдары ойнап кеткен Серхио Ливингстонның нәтижесін жаңартты.

Аргентина құрамасы А тобындағы келесі ойынын 26 маусым күні Чили құрамасына қарсы өткізсе, Канада Перумен кездеседі. Оңтүстік Америка Кубогының барлық ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Бүгінгі ойын күнінде Перу – Чили және Эквадор – Венесуэла арасындағы ойындар жоспарланған. Ойындардың барлығын «Qazaqstan» ұлттық арнасының тікелей эфирінен тамашалаңыздар.

Айта кетейік Copa America турнирі АҚШ-тың 10 штатындағы 14 стадионында 21 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнир 16 команданың қатысуымен өтітіп жатыр. Аргентина турнирдің он бес дүркін жеңімпазы және Уругвай да Оңтүстік Америка кубогында 15 мәрте топ жарған.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды
Анна Данилина қатарынан үшінші финалға шықты
Александр Бублик жартылай финалға шықты ⠀
Ресми: Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Дастан Сатпаев – әлемдегі ең қымбат жас футболшылардың қатарында
Азия кубогында садақ атудан Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді
Астанада өтетін World boxing cup турниріне қатысатын ел құрамы белгілі болды
Теннис: Зарина Дияс жартылай финалға өтті
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді
Қазақстан U23 құрамасы Азия чемпионатының бірінші күні 6 медальға ие болды
«Реал» мен «Аль-Хиляль» тең тарқасты
Ресми: Жоан Гарсия «Барселонаның» қақпашысы атанды
Оралда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтті
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
Дарын Қонысбаев Азия кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды