Испания Еуропа чемпинатының плей-офф кезеңіне шықты

Германияда өтіп жатқан футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты жетінші жарыс күнінің қорытындысында Испания құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алған екінші команда атанды. 

Жарыс күнінің алғашқы матчы Словения мен Сербия құрамалары арасында өтті. Кездесу есебін словениялық Жан Карачник ашқан, ойынның соңғы минуттарында Лука Йовичтің арқасында Сербия таразы басын теңестіріп, командалар ұпай бөлісті. 

Екінші матчта да командалар тең тарқасты. Харри Кейн Англия құрамасы сапынан көзге түсіп, есеп ашса, бірінші таймның аяқталуына жақын қалғанда Мортен Хьюлманн таразы басын теңестірді. 

Ойын күнінде жанкүйерлер назарын өздерін аудартқан Испания мен Италия командалары арасындағы матчтың екінші таймында Роберто Калафьори өз қақпасына гол соқты. Жанкүйерлер бұл ойында басқа нәтижелі шабуыл көрген жоқ. Осылайша, Испания құрамасы үш ұпай олжалап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды