EURO 2024: Португалия құрамасы 1/8 финалға шықты

Футболдан Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы бір команда белгілі болды. Ала доп бәсекесінің тоғызыншы жарыс күнінде Грузия - Чехия, Түркия - Португалия және Бельгия - Румыния командалары арасында матч өтті. 

Жарыс күнінің алғашқы ойыны Грузия мен Чехия құрамалары арасында өтіп, командалар тең тарқасты - 1:1. Грузия құрамасы Еуропа чемпионаты тарихындағы алғашқы ұпайын еншіледі. 

Келесі матча Түркия мен Португалия құрамалары кездесті. Португалия құрамасының ойыншысы Бернарду Силва кездесудің 21-минутында есеп ашса, арада 7 минут өткенде Акайдын Самет өз қақпасына гол соқты. Ойынның екінші жартысында Бруну Фернандеш есепті 3:0-ге жеткізіп, Португалия сенімді жеңіске қол жеткізді және 1/8 финалға шықты. 

Тоғызыншы жарыс күні Бельгия мен Румыния командалары арасындағы ойынмен қорытындыланды. Матч есебі ойынның екінші минутында-ақ ашылып, Юри Тилеманс командасын алға шығарды. Екінші таймда Кевин де Брюйне командасының ойындағы екінші голын соқты. Бельгияның биылғы Еуропа чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Енді «Е» тобындағы жағдай шиеленісе түсті. Өйткені, шешуші тур алдында топтағы командалардың бәрінде үш ұпайдан бар. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

2028 жылғы Олимпиадаға жаңа салмақ дәрежелері бекітілді. Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктер бар?
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы «Жібек жолы» турниріне қатысады
ПСЖ жеңіске жетті
«Барселона» алғашқы матчта жеңіске жетті
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақ жігіті Дубайда бразилиялық футбол жұлдызы Роналдиньоға шапан жапты
«Интер» «Бавариядан» басым түсті
Деклан Райс «Арсеналға» жеңіс сыйлады
Сұлтан Заурбек мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді
Махмұд Сабырхан мерзімнен бұрын жеңіске жетті
Лола Әділбекова көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды
Оралда арқан тартыстан Қазақстан Республикасының рекорды орнатылды
Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа Кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық боксшылар Әлем кубогынан алты медаль алды
Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені жеңді
Батыр Жүкембаев кезекті жеңісіне қол жеткізді
Балауса Мұздыман жеңіске жетті
Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді
Алишер Абдулалим жеңіске жетті