Аргентина Copa America турнирінің жартылай финалына шықты

АҚШ жерінде өтіп жатқан Copa America турнирінің алғашқы 1/4 финалдық ойынында Аргентина – Эквадор құрамалары кездесіп, командалар негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнады. Аргентина құрамасының сапында Лисандро Мартинес гол соқса, Эквадор сапында Кевин Родригес мергендігімен көзге түсті. 

Ойын соңындағы пенальти сериясында 4:2 есебімен Лионель Скалони шәкірттері басым түсті. Алғашқы соққыны Лионель Месси орындап, 11 метрден мүлт кетті. 

Аргентина жартылай финалда Канада – Венесуэла арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

2024 жылғы Copa America турнирі 15 шілдеге дейін жалғасады. Жарыстың қазіргі жеңімпазы Аргентина құрамасы 2021 жылы финалда Бразилияны жеңген. Сонымен бірге Аргентина Уругвай құрамасымен бір қатарда жарыстың 15 дүркін жеңімпазы.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ресми: Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Дастан Сатпаев – әлемдегі ең қымбат жас футболшылардың қатарында
Азия кубогында садақ атудан Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді
Астанада өтетін World boxing cup турниріне қатысатын ел құрамы белгілі болды
Теннис: Зарина Дияс жартылай финалға өтті
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді
Қазақстан U23 құрамасы Азия чемпионатының бірінші күні 6 медальға ие болды
«Реал» мен «Аль-Хиляль» тең тарқасты
Ресми: Жоан Гарсия «Барселонаның» қақпашысы атанды
Оралда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтті
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
Дарын Қонысбаев Азия кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды
Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды
Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті