Дастан Мұқашбеков – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
Қазақстан құрамасының мүшесі Дастан Мұқашбеков XVII жазғы Паралимпиада ойындарында ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды. Спортшы ядроны 16 метрге лақтырып, Азия құрлығының жаңа рекордын орнатты. Айта кетейік, бұл қарағандылық спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі.
Ал алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) алса, күмісті Кокоити Алан (15,84 метр) иеленді. Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.