Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күнін табысты аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде 85 медаль, оның 33і алтын. Бүгін 6 алтын, 7 күміс, 3 қола алды. 

 Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Ал көк бөрүден Қазақстан командасы Қырғызстан құрамасына 4:10 есебімен есе жіберіп, күміс жүлде алды.

 Этноауылда теңге ілуден өткен жарыста Бекнұр Серіков – бес белес сайысынан, ал Рахат Қамбаров қос құлаш сайысынан алтын жүлде алды.

 Этноауылда құсбегіліктен іріктеу және жартылай финалдық сын өтті. Ұлттық құрама спортшылары бүркіт, қаршыға және сұңқар салудан финалға шықты.

 «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан жарыс өз мәресіне жетті. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы Аустралиядан келген садақшылардан 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Садақшылар Көшпенділер ойындарын бір алтын, екі күміс, бес қола жүлдемен аяқтады.

 Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында татар халқының көне ұлттық белбеу күресі көрәштен ерлер арасында төрт салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Біржан Шаймерденов (90 келі) алтын жүлде алса, Әділет Шалғынбекұлы (64 келі) мен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) күміс жүлдеге ие болды. Бекнұр Бектай (75 келі) қола жүлде алды.

 «Алау» мұз сарайында түрік халқының ұлттық күресі ашыртмалы аба гюрешінен бес салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті. Қазақстандық үш бірдей спортшы күміс жүлдеге ие болды. Олар Ернұр Сүлеймен (60 келі), Әділет Ахметғали (70 келі), Айдос Ғалымов (90 келі).

 «Алау» мұз сарайында қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Ақтық бәсеке 13 қыркүйек күні өтеді.

 «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден өткен жарыста Әсел Далиева алтын жүлде алса, Аңсаған Қожанәсіп қола жүлде иеленді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алды
Аида Әбікеева алтын медаль жеңіп алды
Алуа Балқыбекова Әлем чемпионы атанды
Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды
Милад Карими Әлем Кубогында күміс медальға ие болды
«Адрия інжуі» турнирінде қазақстандық боксшылар топ жарды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнолла Ыдырысов Әзірбайжанда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды
Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Әбиба Әбужақынова Аустриядағы Гран-при жарысының чемпионы атанды
Үш қазақстандық боксшы WBC және Турки Әл аш-Шейхтың алғашқы Гран-приінде өнер көрсетеді
Теннистен Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі
2030 жылғы әлем чемпионатында 64 құрама ойнауы мүмкін
Шорт-тректен Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Дзюдодан Гран-приге Қазақстаннан кімдер барады?
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты
Ресми: ММА 2026 жылы Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтетін ХХ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді
Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетеді
Шахмат: Қазыбек Нөгербек халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Бокстан Қазақстан құрамасы Странджа кубогында топ жарды
Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды