Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан тағайындалды

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов құраманың жаңа капитаны қалай сайланғанын айтты.

Айта кетелік, бүгін Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшаларында Айбек Оралбайдың жаңа капитан болып сайланғаны хабарланды. Бұған дейін бұл міндетті Асланбек Шымбергенов атқарып келген.

"Кеше команда өкілдерімен жиналыс өткіздік. Ұлттық құрама мүшелері түгел қатысты. Жаңа маусым алдындағы жоспарларымызды бөлісіп, жыл соңына дейінгі турнирлерді талқыладық.

Жиын соңында команда мүшелері жаңа капитан сайлады. Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы, Азия чемпионы Айбек Оралбай осы міндетті өзіне алды. Соңынан өзі де сөз алып, алдағы жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауға уәде берді", - деді Қайрат Сәтжанов.

Қазақстандық боксшылар алдағы уақытта Азия чемпионатында бақ сынайды. Оған дейін Шымкенттегі халықаралық турнирге қатысу да жоспарланған. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Азиада-2025: Қазақстандық шаңғышылар қола медальге ие болды
Азиада-2025: Қазақстандық шаңғышы қыздар күміс медальге ие болды
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияға есе жіберді
Қазақстандық Велошабандозшылар алтын мен күміс медаль жеңіп алды
Азиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер жартылай финалға шықты
Марат Омаров УЕФА президенті Александер Чеферинмен кездесті
Вадим Куралес Азия ойындарының күміс жүлдегері
Қазақстан қоржынында үшінші алтын
Қазақстандық фристайлшылар алтынға қол жеткізді
Қазақстандық фристайлшылар қолаға қол жеткізді
Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ашық турнир басталды
Ресми: Дастан Сатпаев «Челси» ойыншысы
Бокстан Сербияда «Belgrade winner» халықаралық турнирі аяқталды
Азиада-2025: Қазақстандық хоккейші ерлер Оңтүстік Кореядан басым түсті
  • Қысқы спорт түрлері
Олжас Климин Азиада ойындарының қола жүлдегері
Харбин-2025: Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы күміс медаль алды
Қазақстандық спринтерші қыздар Азия ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді
Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының алтын жүлдегері
Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының күміс жүлдегері
Аяна Жолдас Азиада ойындарының қола жүлдегері