Басты Жаңалықтар «Барыстың» ойындарын «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар

«Барыстың» ойындарын «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар

 «Барыстың» ойындарын «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыздар

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Еуразиядағы дәстүрлі халықаралық ашық хоккей лигасында өнер көрсетуде. Қазіргі уақытта команда «Шығыс» конференциясының 10-шы орнында орналасқан және плей-офф кезеңіне шығуға белсенділік танытуда. Жеңіс мүмкіндігіне қол жеткізу үшін команда қоржынына 5 ұпай жетіспейді. Қажетті ұпайларды елордалық клуб келесі аптада өз айдынында өтетін Құрлықтық хоккей лигасындағы 3 кездесуінде алуына болады. Осы кездесулерді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Осыған орай, осы ойындардың күнтізбелік кестесін назарыңызға ұсынамыз:

7 қараша Барыс - Медвешчак (Хорватия) 19:20

10 қараша Барыс - Слован (Словакия) 19:20

13 қараша Барыс – Автомобилист (Ресей)  16:50

Естеріңізге сала кетсек, Құрлықтық лиганың 2016/2017 маусымында 27 қаладан келген 29 команда өзара мықтыны анықтауда. Олардың ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Латвия, Словакия, Хорватия, Финляндия хоккей клубтары бар. Лиганың басты олжасы - Гагарин кубогы.

Қолдау көрсетейік!

Бөлісу