Алан Құрманғалиев Италияда өткен турнирде 3-орын алды
Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Алан Құрманғалиев Лияннодағы (Италия) WTA Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанды. Ол 17 жасқа дейінгі санатта үшінші орынды иеленді.
Отандасымыз франциялық Томас Ларошты, испаниялық Фонт Даниел мен Франческа Карьераны, чехиялық Мартин Ратажский мен Мартин Вайглды жеңді.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Нафтан Пилардудан (Франция) 2:3 есебімен жеңіліп қалды.