Бокс аңызы Майк Тайсон үлкен спортқа қайта оралды
Бокс аңызы Майк Тайсон үлкен спортқа қайта оралды
58 жастағы экс-әлем чемпионы 2005 жылдан бері алғашқы кәсіби жекпе-жегін блогер Джейк Полға қарсы өткізіп, жеңіліс тапты.
Айқас кезінде Джейк Пол 78 соққы жасаса, ал Тайсон 18 дәл тигізген . Нәтижесінде блогер бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Турнирдің басты карды АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында өтті. Жекпе-жек екі минуттан сегіз раундқа созылды.
Кәсіби рингте 27 жастағы Джейк Полдың 11 жеңісі (7 нокаутпен), 1 жеңілісі бар. Ал Майк Тайсон жетінші жеңіліске ұшырады. Оның есебінде 50 жеңіс (44 нокаут) және нәтижесіз екі жекпе-жек бар.