Надежда Морозова конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында күміс медаль еншіледі
Надежда Морозова конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында күміс медаль еншіледі
Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Надежда Морозова Хатинохада (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында 1000 метр қашықтықты сәтті еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыздың уақыт көрсеткіші бойынша нәтижесі – 01:17:16.
Бірінші орынды америкалық Бриттани Боуи (01:15:65), үшінші орынды да америкалық Кими Гетц (01:17:23) алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтінде үшінші болды.