Астанада пара дзюдодан халықаралық жарыс өтеді
Астанада пара дзюдодан халықаралық жарыс өтеді
23-24 қараша күндері елордадағы Beeline Arena спорт кешенінде пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді.
Астана қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, турнирге 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Еліміздің намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайды.
Турнир барысында 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жарыстың ерекшелігі салмақ дәрежелері Олимпиада цикліне байланысты өзгереді.
Ерлер 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі.
Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада бағдарламасына кірмейтін екі салмақтағы (ерлер – 64 келі, әйелдер – 46 келі) жүлделер сарапқа салады.
Еске салсақ Қазақстан ұлттық құрамасы пара дзюдодан Париж Паралимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған.