Басты Жаңалықтар «Барыс» хорватиялық  «Медвешчакты» жеңді - 2:0

«Барыс» хорватиялық  «Медвешчакты» жеңді - 2:0

«Барыс» хорватиялық  «Медвешчакты» жеңді - 2:0

Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» хоккей клубы загребтік  «Медвешчак» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңді. Матч «Барыс Арена» мұзайдынында өткен болатын. 

Бұл - «Барыс» хоккей клубының осы жылғы маусымдағы 11-ші ойыны және үшінші рет қатарынан жеңіске жетуі. Осылайша  «Барыс» клубы  Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 34 ұпайымен 10-шы орыннан 9-шы орынға көтерілді.

Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» — «Медвешчак» 2:0

Шайбалар:
1:0 — 21:13 Савченко (Рымарев, Старченко). Көпшілікте
2:0 — 59:59 Сен-Пьер. Көпшілікте

«Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Боченски-Сен-Пьер; Трясунов-Баркер, Старченко-Кучин-Рымарев; Шалапов-Липин, Маркелов-Тривино-Панюков; Савченко, Худяков-Гренц-Бельгибаев, Иванов;

«Медвешчак»: Макинтайр — Моррисонн-Парлетт, Мертл-Геноуэй-Катич; Безина-Крейчик, Батлер-Лессио-Макмиллан; Смит-Ларкин, Хедберг-Жиру-Паре; Совэ, Аркалов-Глумак.

Бөлісу