Басты Жаңалықтар Бүгін астаналық «Барыс» сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилист» клубына қарсы кездесу өткізеді

Бүгін астаналық «Барыс» сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилист» клубына қарсы кездесу өткізеді

Бүгін астаналық «Барыс» сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилист» клубына қарсы кездесу өткізеді

7 желтоқсан күні астаналық «Барыс» сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилист» клубымен кездеседі. Бұл - осы тұрғылықты маусымдағы екі команда арасындағы соңғы кездесу. 

Командалар соңғы рет 13 қараша күні кездесіп, ойын 4:0 есебімен қазақстандық клуб пайдасына аяқталды.

«Барыс» сапындағы барлық ойыншылары жарақаттанбаған, ойынға тас-түйін дайын. Ал, «Автомобилист» сапындағы қорғаушы Никлас Андерсен жарақатты байланысты ойынға  қатыса алмайды. 

«Барыс» пен «Автомобилист» арасындағы матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Трансляцияның басталуы 19:50-де. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайттында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Бөлісу