Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді
14-15 желтоқсан аралығында Түркияның Стамбул қаласында дзюдо ережелеріне өзгеріс енгізу бойынша техникалық семинар өтті. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңа олимпиадалық маусымға арналған ережелердің жаңартылған нұсқасын жариялады.
olympic.kz сайтының хабарлауынша дзюдода мынадай жаңа ережелер бекітілді:
«Юко» ұпай:
5-9 секунд ұстап тұру үшін беріледі.
Сондай-ақ, қарсылас бүкіл арқасына емес, тек жамбасқа, бүйірге немесе жауырынға (90 градус бұрышпен) түскен жағдайда берілуі мүмкін.
«Хансоку макэ» жойылды:
Шабуыл немесе қорғаныс кезінде қарсыластың басын пайдаланғаны үшін ересектер жазаланбайды.
Бірақ 18 жасқа дейінгі спортшылар үшін бұл «шидо» ретінде есептеледі.
Белден төмен ұстап шабуыл жасау:
Дзюдогиді жамбас деңгейіне дейінгі ішкі беттен ұстауға рұқсат етілген.
Алайда, қарсыластың шабуылын қайтару кезінде мұндай әрекеттер жазаланады.
Аяқ пен шалбарды ұстауға бұрынғыдай тыйым салынған.
Жаңа рұқсаттар:
Тұрыста және не-вазада жеңнің ішкі жағынан ұстау мүмкіндігі.
«Аюша ұстау» (қолдарды құлыптамау шартымен).
«Реверс сэои-нагэ» техникасы.
Татамиден тыс әрекеттер:
Егер дзюдошы кездейсоқ кілемнен шығып кетсе, «шидо» берілмейді.
Шабуыл жасауға рұқсат етіледі, егер спортшының бір аяғы жұмыс аймағында болса.
«Шидо» тек әдейі шығу немесе қарсыласын айқын итеріп жіберу кезінде беріледі.
Шабуылға дайындық уақыты:
Енді шабуыл жасауға 30 секунд беріледі.
Партердегі әрекеттер:
Төрешілер партердегі кез келген белсенді әрекетті ескереді.