Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Туриндегі ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында фристайл-могулдан отандасымыз 79,79 ұпаймен жарыстың жеңімпазы атанды.
Екінші орынды жапониялық Харуко Накао (76,29) алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен қорытындылады.
Финалда өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Аяулым Әмренова 5-орынға тұрақтады.