Қазақстанның велотрек құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Қазақстанның велотрек құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді
Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан жарыста отандастарымыз 3:59.215 уақытта мәреге жетіп, ел рекордын жаңартты. Құрама сапында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Алишер Жұмахан және Дмитрий Носков бар.
Чемпионаттың алтын жүлдесін Оңтүстік Корея, күміс жүлдесін Жапония иеленді.