Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті

Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
🥊 Бірінші орта салмақтағы боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6-1, 16 KO) қолғап түйістірді. АҚШ-та өткен бокс кешінің басты оқиғасына айналған бұл кездесу күтпеген жерден тең нәтижемен аяқталды.
📌 Осыған дейін бірінші орта салмақта Садриддин Ахметов 15 кездесудің 13-ін нокаутпен аяқтаған еді.