Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды

Қазақстанда алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл тарихи шешім 27 мамыр күні Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) бас ассамблеясында қабылданды. Жиында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем біріншіліктерін қабылдайтын елдер анықталды.
Чемпионат өткізу құқығы үшін алғашқы айналымда АҚШ ең аз дауыс жинап, сайыстан шығып қалды. Екінші айналымда Қазақстан мен Франция бақ сынасты. Финалдық дауыс беру нәтижесінде:
Қазақстан — 54,68%
Франция — 45,32%
Осылайша, Астана 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу мәртебесіне ие болды. Бұл ел тарихындағы үстел теннисінен ең ірі әрі беделді халықаралық турнир болмақ.
Мұндай жетістікке қол жеткізуде Астанада жоғары деңгейде ұйымдастырылған Азия чемпионаты үлкен рөл атқарғаны айтылды.
Алдағы әлем чемпионаттары өткізілетін елдер:
2027 — Қазақстан (Астана)
2028 — Жапония (Фукуока)