Жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды.
Отандасымыз 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.