Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды

Бүгін Астана халықаралық әуежайында Болгарияда өткен дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғаған көркем гимнасшыларды қарсы алу рәсімі өтті.
Болгария астанасы Софияда өткен жасөспірімдер арасындағы үшінші әлем чемпионатында Қазақстан атынан Ақмарал Ерекешева 3 жаттығу, Айғаным Рысбек 1 жаттығу және топтық жаттығуда жүлдеге таласты. Нәтижесінде 14 жастағы Ақмарал Ерекешева 2 алтын (доп және лента сайысы) және 1 күміс медаль (шығыршық) жеңіп алды.