Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын

«Тобыл» командасының 25 жастағы ойыншысы Шотландияның «Хартс» клубымен алдын ала келісімге қол қойды. Алайда трансфердің өзі 2025 жылдың қаңтарына дейін кейінге қалуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Record басылымы.
Шотландиялық клубтың бас бапкері Дерек Макиннес Чесноковты жаңа маусым басталмай тұрып команда құрамында көргісі келетінін растады. Бірақ футболшының қазіргі клубы «Тобыл» оны маусым ортасында жіберуге қарсы.
Бапкердің айтуынша, «Хартс» трансферді жеделдету үшін «Тобылмен» келісімге келуге тырысады. Егер ортақ шешім табылмаса, Чесноков тек 2025 жылдың қаңтарында клубқа қосыла алады.