Басты Жаңалықтар Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

4–10 шілде аралығында Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.

Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, жарысқа 27 елден 450-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Еліміздің атынан 36 жас зілтемірші сынға түседі.

Азия біріншілігінде U17 және U20 жас санаттарында жүлделер сарапқа салынады.

Жарыс елорданың «Qazaqstan» спорт кешенінде ұйымдастырылады.


Бөлісу