Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты

Испаниялық жартылай қорғаушы Нико Уильямс Бильбаоның «Атлетик» клубымен ұзақ мерзімді жаңа келісімшартқа қол қойды. Баск клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы футболшының жаңа келісімі 2035 жылдың жазына дейін жарамды болады.
Алдыңғы келісімшарт 2027 жылға дейін жоспарланған еді.