Жәнібек Абу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлады

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан құрамасының спортшысы Жәнібек Абу-Бәкір ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы финалда Фарид Бен Әлиді 12:9 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.